Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 56 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
56-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарлар өсiру

1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер отандық және дүниежүзiлiк фаунадан жануарлар коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi. 

2. Мемлекеттiк зоологиялық парктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, белгiленген тәртiппен жануарлармен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық бағыттағы басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады. 

3. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде ветеринариялық және зоотехникалық қызметтер, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн өсiруге арналған питомниктер құрылады. 

4. Мемлекеттік хайуанаттар парктеріндегі жануарларды тасымалдауға, бағып-қағуға, тамақтандыруға және ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігіндегі құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды. 

Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 56-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175