Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
19-бап. Өнеркәсiптік үлгiге патент беруге өтiнiм



Ст. 19 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427



 Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Өнеркәсiптік үлгiге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнеркәсiптік үлгiге өтiнiм) бiр өнеркәсiптік үлгiге немесе өзара байланыстылығы соншалық, олар біртұтас шығармашылық ойды (өнеркәсiптік үлгiнiң бiрлігі талабын) құрайтын өнеркәсiптік үлгiлер тобына қатысты болуға тиiс.  

2. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмде:

1) өнеркәсiптік үлгi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;  

2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы;

3) Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  N 237 Заңымен.  

4) өнеркәсiптік үлгiнің елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;  

5) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.

Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерi кемiтiлуiне арналған негiздеменi растайтын құжат қоса тіркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.

Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.  

3. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiм берiлген күн болып сараптама жасау ұйымына өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатын беру туралы арызда келтiрiлген, тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, бұйымның кескiнi (макетi) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетілiп белгiленедi.  

4. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 586, 2007.03.02. N 237, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427