Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
198-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескерту



Ст. 198 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лаузымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алын ала ескерту жібереді.

2. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, егер мұндай әрекет Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болмаса, алдын ала ескерту жіберу үшін негіз болып табылады.

3. Алдын ала ескертуді жіберу туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы монополияға қарсы органға нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші жөнінде белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.

4. Алдын ала ескертуде:

1) алдын ала ескертуді жіберу үшін негіздердің бар екендігі туралы түйіндер;

2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы мүмкін нормалары қамтылуға тиіс.

Статья 1 ...196 197 198 199 200 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 198-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ