Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
199-бап. Нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екені туралы хабарлама



Ст. 199 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ




1. Осы Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) жосықсыз бәсекелестік белгілері, сондай-ақ үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері болған кезде монополияға қарсы орган нарық субъектісіне оның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны тергеп-тексеру жүргізбестен жібереді. 

Хабарлама көрсетілген белгілердің бар екені туралы монополияға қарсы органға белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі. 

Хабарлама беру тәртібі мен оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді. 

2. Егер нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерін (әрекетсіздігін) он жұмыс күні ішінде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады. 

3. Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган сол бір нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) осы баптың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сол бір бұзушылық белгілерін анықтаса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады. 

Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...197 198 199 200 201 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 199-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ