Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
200-бап. Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау



Ст. 200 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ




1. Монополияға қарсы орган монополиялық жағдайдың туындауын немесе күшеюін және (немесе) бәсекелестікті шектеуді болғызбау мақсатында осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілелерді (әрекеттерді) жүзеге асыруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімін алу не осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер туралы оны хабардар ету түрінде экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

2. Экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген не жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтінішхатпен жүгiнедi немесе монополияға қарсы органды осы Кодексте көзделген тәртiппен жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабардар етедi.

3. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген нарық субъектілері осы Кодексте көзделген тәртіппен алдын ала келісім алу үшін монополияға қарсы органға өтінішхатпен жүгінуге құқылы.

4. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданылып жүргiзiлетін жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтінішхат конкурстық рәсiм басталғанға дейiн де, одан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.

5. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тiркеушi орган нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға қарсы органның келiсiмiмен жүзеге асырады.

6. Монополияға қарсы органның келiсiмiнсiз жасалып, нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестiктi шектеуге әкеп соққан экономикалық шоғырлануды сот монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

Осы бапты бұза отырып жүзеге асырылған нарық субъектiсiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылуы мүмкiн және олардың күшi жойылады.


Статья 1 ...198 199 200 201 202 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 200-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ