Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
18-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын: 

1) облыстағы және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және уәкілетті мемлекеттік органға хабарлау; 

2) өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекіту және іске асыру;  

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу; 

4) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеу; 

5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау; 

6) жұмыссыздарға, жұмыс іздеуші адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу;  

7) мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілеу; 

8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережелерді бекіту; 

9) ұлттық жобалар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру; 

10) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін бекіту;  

11) еңбек мобильділігі орталығының басшысын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату; 

12) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;  

13) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;  

14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы; 

15) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізу;  

16) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне статистикалық талдау, болжау жүргізуді қамтамасыз ету; 

17) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 

18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;  

19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемінің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсыну;  

20) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру; 

21) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құру;  

22) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұсыну; 

23) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету;  

24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастыру; 

25) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, Брайльдің бедерлі-нүктелік қарпімен оқу және жазу жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;  

26) осы Кодекске сәйкес тиісті аумақта медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалтудың орындалуын ұйымдастыру; 

27) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;  

28) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;  

29) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер мәлімдеген олардың сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін мониторингтеу; 

30) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени, ағарту және өзге де іс-шараларын ұйымдастыру; 

31) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру; 

32) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз ету; 

33) мыналарды: 

денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің ұсынылуына мониторинг жүргізуді; 

халықтың денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;  

34) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну аясында денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;  

35) Қазақстан Республикасының заңнамасында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться