Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 155 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
155-бап. Медициналық-әлеуметтік сараптама

1. Адамның мүгедектігін, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу уәкілетті мемлекеттік органның барып немесе сырттай медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргізуі арқылы жүзеге асырылады. 

2. Дәрігерлік-консультативтік комиссия медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.  

3. Медициналық-әлеуметтік сараптама уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және психологиялық деректерін сыныптауыш пен өлшемшарттарды пайдалана отырып талдау негізінде организмнің жай-күйін кешенді бағалау негізінде жүзеге асырылады.  

4. Өтініш берушіге: 

қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған кезде; 

құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде; 

медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барып куәландыруға тұрақты тіркелмеген орны бойынша жүгінген кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады. 

5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша тыныс-тіршілік санаттарының бірінің шектелуіне алып келетін организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді. 

6. Адамға мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына деген қажеттілік анықталады, сондай-ақ жеке бағдарламаның әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді. 

7. Организм функцияларының бұзылу дәрежесіне, тыныс-тіршілігінің шектелуіне, оңалту болжамына және әлеуетіне қарай мынадай санаттар: 

1) мүгедектікті анықтау кезінде адамға: 

жеті жасқа дейін – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе жеті жасқа дейін "мүгедектігі бар бала" санаты; 

жеті жастан он сегіз жасқа дейін – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа дейін "бірінші топтағы мүгедектігі бар бала", "екінші топтағы мүгедектігі бар бала", "үшінші топтағы мүгедектігі бар бала" санаттары; 

он сегіз жастан асқанда – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайтадан куәландыру мерзімінсіз "мүгедектіктің бірінші тобы", "мүгедектіктің екінші тобы", "мүгедектіктің үшінші тобы" мүгедектік топтары; 

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылуға алып келетін әлеуметтік тәуекел туындаған кезде – жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 30 пайыздан 100 пайызға дейінді қоса алғандағы мөлшерде 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға, он сегіз жасқа толғанға дейін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленеді.  

Кезекті қайта куәландыру мерзімі бар мүгедектігі бар адамға жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі осы әлеуметтік қауіп бойынша мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді; 

3) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыскерге – кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 5 пайыздан 100 пайызға дейінді қоса алғанда 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді. 

Кезекті қайта куәландыру мерзімі бар мүгедектігі бар адамға кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі өндірістік жарақат және (немесе) кәсіптік ауру бойынша мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді. 

8. Мүгедектіктің және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің мынадай себептері: 

1) жалпы ауру; 

2) жұмыста мертігу; 

3) кәсіптік ауру; 

4) бала кезінен мүгедектік; 

5) жеті жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі; 

6) жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі; 

7) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда қызметтік міндеттерін атқару кезінде, әскери қызмет өткеру кезінде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардабын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар салдарынан алған, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым оқиғаның салдарынан болған жаралану, контузия, мертігу, ауру не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру; 

8) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектік айқындалады.  

Осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларындағы мүгедектік себептері себеп-салдарлық байланысты анықтаған уәкілетті органның келтірген тұжырымына қатаң сәйкестікпен шығарылады. 

9. Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыскерлер үшін кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің мынадай себептері: 

1) жұмыста мертігу; 

2) кәсіптік ауру белгіленеді. 

10. Мүгедектігі бар және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылған адамдар мүгедектіктің және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің белгіленген мерзімдерін сақтай отырып, қайта куәландырудан өтеді. 

11. Жүргізілген медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда адам және (немесе) оның заңды өкілі уәкілетті мемлекеттік органға жүгінеді. 

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің шешімдеріне шағымдануды қарауды және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі жүзеге асырады. 

12. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және оны бақылау бөлімі медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактісі анықталған кезде хаттама ресімдейді, оның негізінде бақылау бойынша қайта куәландырылғанға және сараптама қорытындысы шығарылғанға дейін мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге байланысты төлемдер мен жәрдемақылар тоқтатыла тұрады. 

13. Төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспаған және төтенше жағдай кезінде басталған және көрсетілген мерзімде қайта куәландырудан өтпеген адамдар үшін мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің және жеке бағдарламалардың мерзімдері төтенше жағдайдың қолданылу мерзіміне автоматты түрде ұзартылады. 

Төтенше жағдай режимі қолданысының аяқталу айы толығымен есептеледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

156-бап 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Кодекстің 263-бабын қараңыз.

156-бап. Сырттай проактивті куәландыру ерекшеліктері


1. Сырттай проактивті форматта мүгедектік және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде уәкілетті мемлекеттік орган медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге сараптамалық қызметтер көрсетуге келісімшарт негізінде медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларын тартады. 

2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ тізілімге енгізуді және одан шығаруды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 

3. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау тәртібі мен өлшемшарттарын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 

4. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 

5. Сырттай проактивті куәландыру уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған нозологиялық нысандар тізбесі бойынша жүргізіледі.

Статья 1 ...153 154 155 157 158 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться