Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 157 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
157-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру

1. Сотталғандарды түзеу және оларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында мекемелерде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, сотталғандардың құқыққа бағынушылық мінез-құлқын, еңбек пен оқуға адал көзқарасын қалыптастыруға, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуына, мәдени деңгейін арттыруына бағытталған бірыңғай оқу-тәрбие процесі ұйымдастырылады. 

2. Сотталғандармен тәрбие жұмысы жеткіншектерге тән психологиялық-физиологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, психологиялық-педагогикалық ықпал ету әдістері негізінде жеке, топтық және көпшілік нысандарда жүргізіледі. 

3. Сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

4. Сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысына қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ ата-аналар комитеті қатысады. 

5-БӨЛІМ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
25-тарау. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

Статья 1 ...155 156 157 158 159 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 157-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V