Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
161-бап. Жазаны өтеуден босату негіздері



Ст. 161 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Мыналар жазаны өтеуден босату негiздерi болып табылады: 

1) сот үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеп болу; 

2) iс бойынша ақтау үкiмiн шығарумен немесе iс жүргiзудi тоқтатумен сот үкiмiнің күшiн жою; 

3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату; 

4) жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру; 

5) рақымшылық жасау туралы акт; 

6) кешiрiм жасау туралы акт; 

7) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қылмыстық-атқару қызметi саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеде көзделген, сотталған адамның ауруы; 

8) заңда көзделген өзге де негiздер. 

2. Мекеме әкімшілігі жаза мерзімін өтеген соң босатылғанға дейін бір ай қалғанда, ал басқа да негіздер бойынша – босатылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін жібереді. 

Пробация қызметі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін алғаннан кейін тиісті мекемеге, сондай-ақ үкім шығарған сотқа хабарлама жібереді. 

3. Мекеменің әкімшілігі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінің мерзімі өтелмеген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылатын адамнан келген күнінен бастап таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне бес күндік мерзімде міндетті түрде келуі туралы қолхат алады. 

4. Сотталған адам таңдаған тұрғылықты жеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен өзі барады. 

Ескерту. 161-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...159 160 161 162 163 ...177

Перейти к статье







Добавить комментарий к 161-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V