Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары



Ст. 74 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адам: 

1) пробация қызметіне жұмыс орны мен тұрғылықты жері және олардың өзгергені, жұмыстан шығарылғаны туралы хабарлауға; 

2) пробация қызметіне шақырту бойынша келіп тұруға мiндеттi. 

2. Сотталған адам 53-баптың екінші бөлігінде көрсетілген дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, оған күштеп әкелу қолданылуы мүмкін. 

3. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталған, жазаны орындаудан жалтарып жүрген адам заңда белгіленген жауаптылықта болады.

Статья 1 ...72 73 74 75 76 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 74-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V