Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 76 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
76-бап. Белгiлi бiр қызметпен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдардың мiндеттерi

1. Сотталған адамның белгiлi бiр қызметпен айналысуы құқығынан айыру туралы сот үкiмi қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдар үшiн мiндеттi. 

2. Аталған органдар заңды күшіне енген сот үкiмiнiң көшiрмесiн, пробация қызметінің хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, сотталған адамға тыйым салынған қызмет түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты кері қайтарып алуға, осы адамға қызметтiң көрсетiлген түрiмен айналысу құқығын беретiн тиiстi құжатты алып қоюға және бұл туралы пробация қызметіне хабар жiберуге мiндеттi. 

3. Белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алуға құқығы бар органдардың белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің орындалмағанына кінәлі лауазымды адамдары заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Статья 1 ...74 75 76 77 78 ...177

Перейти к статье






Добавить комментарий к 76-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V