Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
78-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк



Ст. 78 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Сот үкімі бойынша мынадай:

1) заңды иеленушісіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түскен кірістерді қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша мен өзге де мүлік және осы мүліктен түскен кез келген кірістер;

2) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік және осы мүліктен түскен кірістер ішінара немесе толығымен басқа нәрсеге айналдырылған немесе қайта өзгертілген;

3) экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыру және өзге де қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын және соған арналған;

4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын ақша мен өзге де мүлік тәркіленуге жатады.

2. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік және (немесе) осы мүліктен түскен кірістер заңды жолмен сатып алынған мүлікке қосылған болса, қосылған мүліктің құнына және одан түскен кірістерге сәйкес келетін мүліктің бөлігі тәркіленуге жатады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген, сотталған адам басқа жеке немесе заңды тұлғаға берген мүлік, егер мүлікті сатып алған адам оның қылмыстық әрекеттер нәтижесінде алынғанын көрінеу білген болса, тәркіленуге жатады.

4. Егер осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген мүлікке кіретін белгілі бір затты тәркілеу, сот осы затты тәркілеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап оның пайдалануда болуына, сатылуына байланысты немесе өзге де себеп бойынша мүмкін болмаса, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес келетін ақшалай сома тәркіленуге жатады.

5. Сотталған адамның осы Кодекске қосымшада белгіленген тізбеге сәйкес келетін мүлкі тәркіленуге жатпайды.

6. Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жататын мүлiктiң тиесілілігі туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.

Статья 1 ...76 77 78 79 80 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 78-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V