Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
182-бап. Кiнәсiн мойындап келу

Ст. 182 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Кiнәсiн мойындап келу – адам әлі күдікті деп танылмаған не ол осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұстап алынбаған кезде, адамның қылмыстық қудалау органына өзi жасаған немесе дайындап жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке өзі, ерiктi түрде, жазбаша немесе ауызша хабарлауы. 

2. Ауызша арыз осы Кодекстің 181-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қабылданады және хаттамаға енгiзiледi. 

3. Егер кiнәсiн мойындап келген кездегi арызда қылмыстық құқық бұзушылықтың сыбайлас қатысушылары көрсетілсе, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi.
Статья 1 ...180 181 182 183 184 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 182-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V