Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 368 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
368-бап. Сотталушының айғақтарын жария ету

1. Сотталушының iс бойынша сотқа дейiнгi дайындық барысында берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берiлген оның айғақтарының дыбыс-, бейне жазбасын немесе киноға түсiрiлiмiн тыңдатып-көрсетуге: 

1) сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде; 

2) егер iс сотталушының қатысуынсыз қаралса; 

3) сот талқылауы мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берiлген айғақтардың арасында елеулi қайшылықтар болған кезде жол берiледi. 

2. Тиiстi жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс-, бейнежазбаны және кино түсiрiлiмiн тыңдатып-көрсетуге жол берiлмейдi.
Статья 1 ...366 367 368 369 370 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 368-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V