Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 366 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
366-бап. Дәлелдемелердi ұсыну және зерттеу тәртiбi

1. Сот тергеуiнде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледi. 

2. Дәлелдемелердi алдымен айыптаушы тарап ұсынады. Дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн сот тараптармен келiсе отырып айқындайды. Сот дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн белгiлеу немесе өзгерту мәселелерi бойынша қаулы шығарады. 

3. Сотталушы төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуiнiң кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы. 

4. Егер тергеу судьясы осы Кодекстің 217-бабына көзделген тәртіппен олардың айғақтарын сақтауға қойған болса, сотқа куә мен жәбірленуші шақырылмайды және олардан жауап алынбайды. Қысқартылған сот талқылауын өткізу кезінде куәлар шақырылмайды және олардан жауап алынбайды.

Статья 1 ...364 365 366 367 368 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 366-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V