Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 56 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары

1. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін осы Кодекстің осы бабының қағидаларына және тиісті баптарында көзделген ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырады. 

2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды. 

Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, не прокурордың немесе қорғау тарапының өтінішхаты болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы мәселені шешеді.  

Осы Кодекстiң 55-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5) және 6) тармақтарында, екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi қарау кезiнде сот отырысын өткiзу мiндеттi. Сот отырысын өткiзу мiндеттi болған жағдайда, қорғау тарапы мен прокурорға сот отырысының уақыты мен орны туралы күнi бұрын хабарланады. 

Сот отырысы тергеу судьясының өкімі бойынша бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі. 

3. Тергеу судьясы: 

1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органнан қаралып жатқан мәселе бойынша қосымша ақпаратты талап етуге; 

2) тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға және оларды зерттеуге; 

3) процеске қатысушыларды сот отырысына шақыруға және олардан қылмыстық іс бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы. 

4. Тергеу судьясы осы Кодекске сәйкес істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеп-тексеру бағыты және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың және қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мәні бойынша қарайтын соттың орнына әрекет жасауға және шешім қабылдауға тиіс емес. 

5. Күдікті өзіне азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті. 

6. Адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін жекеше қаулы шығарады. 

Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 56-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V