Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық Кодексi
101-бап. Аффект жағдайында жасалған адам өлтiру

Ст. 101 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жәбiрленушiнiң зорлық-зомбылығынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетін ахуалдан болған кенеттен туындаған қатты жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған адам өлтiру – 

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мән-жайлар кезiнде жасалған, екi немесе одан да көп адамды өлтiру – 

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...99 100 101 102 103 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 101-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V