Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру



Ст. 103 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы




 1. Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру - үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2. Нақ сол әрекет:

 

а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

 

б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;

 

в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сонымен бiрдей адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты;

 

г) аса қатыгездiкпен;

 

д) ұйымдасқан топпен;

 

е) жалдау бойынша;

 

ж) бұзақылық ниетпен;

 

з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында;

 

и) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тiнiн пайдалану мақсатында;

 

к) бiрнеше рет жасалса немесе оны бұрын осы Кодекстiң 96-бабында көзделген кiсi өлтiрудi жасаса, - төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер - бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 


Статья 1 ...101 102 103 104 105 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 103-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы