Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
287-бап. Су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу



Ст. 287 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Балықты және өзге де су жануарларын немесе өсiмдiктерiн заңсыз алу, егер бұл әрекет:
 
а) елеулi зиян келтiре отырып;
 
б) жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, не су жануарлары мен өсiмдiктерiн жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерiн қолдана отырып жасалса, -
 
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
 
2. Дәл сол әрекет:
 
а) бiрнеше рет;
 
б) балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiне қатысты;
 
в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында;
 
г) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
 
д) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
 
e) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып;
 
ж) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, -
 
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiре отырып жасалған не ұйымдасқан топ жасаған әрекет, - сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 287-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

Статья 1 ...285 286 287 288 289 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 287-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы