Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 356 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
356-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату

1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын белгіленген пайдалану режимінен ауытқуға әкеп соққан не адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты қатерін төндірген, абайсызда жасалған зақымдау немесе қирату – 

үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге; 

2) қоршаған ортаны ластауға; 

3) ірі залал келтіруге; 

4) абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – 

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...354 355 356 357 358 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 356-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V