Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 36 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
36-бап. Негізді тәуекел ету

1. Қоғамға пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшін негізді тәуекел ету кезінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. 

2. Егер көрсетілген мақсатқа тәуекелмен байланыссыз әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) қол жеткiзiлмейтiн болса және тәуекелге жол берген адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданған болса, тәуекел ету негізді деп танылады. 

3. Егер тәуекел ету адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндірумен, экологиялық апат, қоғамдық кесапат немесе өзге де ауыр зардаптар қатерімен көрінеу ұштасқан болса, тәуекел ету негізді деп танылмайды.
Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V