Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
35-бап. Орынды тәуекел ету



Ст. 35 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тәуекел еткен ретте осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.
 
2. Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз iс-әрекетпен (әрекетсiздiкпен) қол жеткiзiлмейтiн болса және тәуекелге жол берген адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады.
 
3. Егер тәуекел ету адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына көрiнеу қатер төндiруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзелiске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.
 

Статья 1 ...34 34-1 35 36 37 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 35-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы