Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану



Ст. 104 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану уәкiлеттi органмен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2. Су объектiлерiндегi гидроэнергетикалық және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар:

1) ауызсумен жабдықтау басымдығын сақтай отырып, су қоймаларын толтырудың және босатудың белгiленген режимiн;

2) өзендердiң жайылмалары мен атырауларында балық ресурстарын сақтау және ұдайы молайту үшiн шешушi маңызы бар өзендер мен су қоймаларының учаскелерiндегi балық шаруашылығының қажеттiлiгiн;

3) кемелер мен салдардың кедергiсiз өтiкiзiлуiн;

4) белгiленген табиғат қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және авариялық су жiберулерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Егер су қоймаларын толтыру және босату нәтижесiнде туындаған су объектiлерi табиғи деңгейiнiң өзгеруi салдарынан жеке және (немесе) заңды тұлғаларға зиян келтiрiлсе, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны өтеуге мiндеттi.

Ескерту. 104-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы
құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке
қарсы мұқтаждар үшін пайдалану

Статья 1 ...102 103 104 105 106 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 104-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481