Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi



Ст. 122 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөнiндегi шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар өңірлерде – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгiлейдi.  

2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жеке көздейдi. 

3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органмен келiсiлген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.  

Ескерту. 122-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу
және оларды жою


Статья 1 ...120 121 122 123 124 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 122-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481