Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi



Ст. 44 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi:

халықтың ауыз су мен шаруашылық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету;

сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк жоспарлау үшiн су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.

  Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 44-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481