Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Су Кодексi

ҚР Су Кодексi
65-бап. Ортақ су пайдалану



Ст. 65 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.  

2. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.  

Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне тыйым салынады.  

3. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.  

4. Ортақ су пайдаланудың шарттары мен ережелерін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.  

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерінде тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындауы мүмкін.  

Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2009.07.10. N 180-IV; 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 65-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481