< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 107 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
107-бап. Республикалық бюджетті нақтылау

1. Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және(немесе) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. 

1-1. Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылау: 

1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған; 

2) осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында, 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. 

1-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша республикалық бюджетті нақтылау ағымдағы қаржы жылы ішінде бір рет мынадай: 

1) республикалық бюджеттің түсімдері ағымдағы қаржы жылында олардың жылдық бекітілген көлемінен он пайыздан астам сомаға азайған немесе ұлғайған; 

2) республикалық бюджет шығыстарының ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға күтілетін игерілмеу жағдайларында жүзеге асырылады. 

2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия қарайды. 

3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады. 

4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бес жұмыс күні ішінде: 

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға с мемлекеттік органдардың даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламаларының жобаларын; 

бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік органдардың даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады. 

4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. 

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

5. Алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының нақтыланған республикалық бюджеттің жобасы бойынша ұсынысының негізінде он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады. 

Ескерту. 107-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...105‑1 106 107 108 109 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться