Ст. 109 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
109-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері
1. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасумен де және оларсыз да шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды. 2. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге жасайды.
Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарт шеңберіндегі немесе байланысты грант туралы азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер:
қарыз қаражаты немесе байланысты грант есебінен – қарыз қаражатының немесе байланысты гранттың қолжетімділік мерзімінен аспайтын мерзімге;
республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен қарыз қаражатының қолжетімділік мерзімі аяқталатын қаржы жылының соңына дейінгі мерзімге жасайды.
4. Тіркеуді талап етпейтін азаматтық-құқықтық мәмілелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік инвестицияларды іске асыру шеңберінде дербес білім беру ұйымдарының азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында олар міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Азаматтық-құқықтық мәмілелер бүкіл қолданылу мерзімі ішінде тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында бекітілген сомалар және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын тізбеге енгізілген жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдары бюджетінің тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстары шегінде тіркелуге жатады.
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерді қоспағанда, ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу мынадай құжаттардың бірі: жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы, техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы немесе "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны міндетті түрде болған кезде жүргізіледі.
Лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер лизингтік төлемдерді өтеу графигіне сәйкес мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатады.
Мерзімі үш жылдан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысымен бекітілген мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыруға байланысты бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен дербес білім беру ұйымы арасындағы азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысымен бекітілген республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жөніндегі азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ақы төлеу жөніндегі міндеттемесі осы мемлекеттік мекеменің уәкілетті адамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және тауарды беру (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатқа (тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету актісіне) қол қойғаннан кейін басталады.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша сатып алу жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмілелер шеңберіндегі міндеттемелерге ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасымен тіркеу үшін шарттың сомасы шетел валютасымен келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, тіркеу күнгі валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша жүргізіледі.
7. Шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттарды және мемлекеттік қазынашылық органында бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін тіркеуге жол берілмейді.
9. Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік инвестицияларды іске асыру шеңберінде дербес білім беру ұйымдарының азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 109-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 66-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ҚР Бюджет кодексi 126-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну ҚР Бюджет кодексi 117-бап. Бюджеттік есепке алу және бюджеттік есептілік жөніндегі жалпы ережелер ҚР Бюджет кодексi 127-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну ҚР Бюджет кодексi 135-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есебіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей