< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 39-3 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Бюджет кодексi
39-3-бап. Нысаналы жарна беруге бағытталған бюджеттік бағдарлама

1. Республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына: 

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің көрсетілгеніне ақы төлеу үшін; 

2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде; 

3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы жарна болып табылады. 

2. Нысаналы жарна бюджеттік бағдарлама әкімшісі арқылы жүзеге асырылады. 

3. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін нысаналы жарна нәтижелерінің көрсеткіштері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның даму жоспарында айқындалады. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның даму жоспарында айқындалған нысаналы жарна нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 

4. Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. 

5. Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. Кодекс 39-3-баппен толықтырылды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...39‑1 39‑2 39‑3 40 41 ...245
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться