< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 67 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
67-бап. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым. 

2. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі туралы есептілік Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының республикалық бюджетпен өзара қатынасы заңды тұлғаларға берілетін трансферттер арқылы жүзеге асырылады. 

Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау тәртібін, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді. 

4. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының болжамды және нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат: 

шоғырландырылған бюджеттің құрамына енгізіледі; 

республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін материалдардың құрамына енгізіледі; 

шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрамына енгізіледі; 

республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі; 

осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.

Статья 1 ...65 66 67 68 69 ...172
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться