Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 68 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
68-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры

1. Жәбірленушілерге өтемақы қоры – Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты. 

2. Мыналар Жәбірленушілерге өтемақы қорына салықтық емес түсімдер болып табылады: 

1) сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер;  

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулар; 

3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар; 

4) "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер. 

3. Жәбірленушілерге өтемақы қорының нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат: 

шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрамына енгізіледі; 

республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі; 

осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.

Статья 1 ...66 67 68 69 70 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться