< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 83 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
83-бап. Нысаналы трансферттер

1. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және нысаналы даму трансферттері болып бөлінеді. 

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемдерінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде: 

1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, төмен тұрған бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды және (немесе) кірістерін азайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерін қабылдаудан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған; 

2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын, жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады. 

3. Жоғары тұрған бюджеттер жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады. 

Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бөлінеді. 

Нысаналы даму трансферттерін жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес аса маңызды объектілерді және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға береді.  

4. Нысаналы трансферттерді жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп, инвестициялық жоспарды және осы Кодекстің 73-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қарау қорытындыларын ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары негізінде нысаналы трансферттердің болжамды көлемдерін айқындайды және бюджет жобасын жоспарлау шеңберінде қарау үшін салалық мемлекеттік органдарға – республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және (немесе) жоғары тұрған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді. 

5. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерінің көлемдерін төмен тұрған бюджеттерді атқару барысында қосымша алынған кірістерге байланысты азайтуға жол берілмейді. 

6. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттерді тек бюджеттік бағдарламалардың тиісті паспорттарында айқындалған нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады. 

Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі. 

7. Нысаналы трансферттерді аудару, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін, сондай-ақ бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер туралы есептің нысанын және жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерге мониторинг жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

8. Нысаналы трансферттерді бөлу және пайдалану кезінде лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы осы Кодекстің 41-бабында айқындалған.

Статья 1 ...81 82 83 84 85 ...172
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться