< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 110 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Экологиялық кодексi
110-бап. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация

1. ІІІ санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынады. 

2. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында ұсынылады. 

3. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: 

1) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және мекенжайы (тұрған жері) немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері; 

2) объектінің атауы және қысқаша сипаттамасы; 

3) негізгі қызмет түрі, өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемі; 

4) ластағыш заттар шығарындыларының декларацияланатын саны, қалдықтардың (түзілетін, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) саны мен түрлері; 

5) белгіленіп отырған қызмет үшін – III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының нөмірі мен берілген күні. 

4. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация:  

1) белгіленіп отырған қызмет басталар алдында;  

2) негізгі өндірістердің технологиялық процестері, ластағыш заттар мен стационарлық көздер, қалдықтар (түзілетін, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) шығарындыларының сапалық және сандық сипаттамалары елеулі түрде өзгерген жағдайда – қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін ұсынылады. 

5. Ластағыш заттар мен стационарлық көздер, қалдықтар (түзілетін, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) шығарындыларының сапалық және сандық сипаттамалары елеулі түрде өзгерген жағдайда, декларант тиісті елеулі өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде қоршаған ортаға әсер ету туралы жаңа декларацияны ұсынуға міндетті. 

6. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі экологиялық рұқсаттар беру қағидаларында белгіленеді. 

7. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынбағаны және (немесе) осы декларацияда қамтылған анық емес ақпаратты бергені үшін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

8. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жібереді. 

Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-параграф. Кешенді экологиялық рұқсат

Статья 1 ...108 109 110 111 112 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться