Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 112 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

ҚР Экологиялық кодексi
112-бап. Кешенді экологиялық рұқсаттың мазмұны

1. Кешенді экологиялық рұқсат белгіленген үлгідегі құжатты білдіреді, онда мыналар қамтылады: 

1) оның иесі (операторы), объект және онда жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер; 

2) пайдалану кезінде қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттары, оның ішінде: 

технологиялық нормативтер; 

қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері; 

табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсер етудің нормативтері; 

қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері (өз полигоны болған кезде); 

күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері (көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде); 

энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар; 

қалдықтарды басқару бағдарламасы; 

қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдайларда объектіні пайдалану жөніндегі әрекеттер мен шаралар; 

өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, оның ішінде топырақ пен жерасты суларының мониторингін және эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін қоса алғанда, өндірістік мониторинг жүргізу жөніндегі талаптар; 

топырақтың және жерасты суларының ластануын болғызбау бойынша қажетті шарттар мен шаралар, сондай-ақ жабдықты пайдалану процесінде немесе қалдықтар мен өзге де қауіпті заттарды сақтау кезінде ағуды, төгілуді, аварияларды және өзге де тосын жағдайларды болғызбау мақсатында осындай шарттар мен шаралардың сақталуын ұдайы байқау мен бақылау жөніндегі талаптар; 

ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты технологиялық көрсеткіштерді сақтауы мүмкін болмаған кезде I санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін – экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының жобасы; 

қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы қорытындыда көрсетілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өзге де талаптар; 

3) кешенді экологиялық рұқсат беру туралы шешім қабылдау себептерінің негіздемесі. 

2. Кешенді экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандары және оларды толтыру тәртібі экологиялық рұқсаттар беру қағидаларында белгіленеді. 

Ескерту. 112-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...110 111 112 113 114 ...418

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться