Ст. 123 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
123-бап. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты қарау және беру мерзімдері
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал жергілікті атқарушы орган әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беруге өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттарды олардың толық және жиынтықты болуы тұрғысынан зерделейді. Көрсетілген мерзім ішінде өтініш қарауға қабылданады не ұсынылған құжаттардың толық және (немесе) жиынтықты болмауы салдарынан қабылданбайды. Ұсынылған құжаттардың толық және (немесе) жиынтықты болмауы себебі бойынша өтініш қабылданбаған кезде өтініш берушіге қабылданбау себептері уәжді түрде негізделе отырып, бас тарту жіберіледі.
2. Қарауға қабылданған өтініштер осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады және қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал жергілікті атқарушы орган отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты немесе оны беруден уәжді түрде бас тартуды береді.
3. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар бойынша ескертулер болған кезде, әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мұндай ескертулерді өтініш берушіге:
I санаттағы объектілер бойынша – өтініш қарауға қабылданған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде;
II санаттағы объектілер бойынша – өтініш қарауға қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Жіберілген ескертулерді өтініш беруші:
I санаттағы объектілер бойынша – ескертулер жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
II санаттағы объектілер бойынша – ескертулер жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоюға тиіс.
4. Ескертулер осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде айқындалған мерзімдерде жойылмаған жағдайда, өтініш берушіге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беруден уәжді бас тарту беріледі.
Ескертулер осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде айқындалған мерзімдерде жойылған жағдайда, өтініш берушіге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беріледі.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей