< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 130 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Экологиялық кодексi
130-бап. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру

1. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру: 

1) кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 0 коэффициентін қолдану; 

2) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясының жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының кепілдендірілген сатып алуы; 

3) "жасыл" технологиялардың трансфері мен бейімделуін, сондай-ақ "жасыл" инвестицияларды тартуға жәрдемдесуді ұйымдастыру; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда және тәртіппен "жасыл" қаржыландыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну; 

5) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады. 

2. "Жасыл" технологиялар деп қазіргі заманғы ғылым жетістіктерінің негізінде жасалған, орнықты дамудың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілерін ескеретін, өндірістің экологиялық қауіпсіз технологиялары түсініледі, олар мынадай салаларды қамтиды және: 

1) "өндіріс – кәдеге жарату – жаңа өндіріс" тұйық циклі бойынша уытты емес өнімдер өндірісіне; 

2) технологиялардағы және тұтыну құрылымындағы инновациялар есебінен қалдықтарды барынша қысқартуға; 

3) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды баламалы жаңартылатын шикізат пен энергия көздеріне ауыстыруға; 

4) егіншілікте, мал шаруашылығында және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде биотехнологияларды ендіруге, ауыл шаруашылығы үшін биологиялық препараттар өндіруге; 

5) жаңартылатын энергия көздерінен (күн энергиясынан, жел энергиясынан, гидро-, геотермальдық энергиядан, биомассадан, сутегінен) энергия өндіруге, атмосфераға зиянды шығарындыларды төмендетуге, ғимараттар мен тұрмыстық аспаптардың отынды пайдалану тиімділігін, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыруға; 

6) климаттың өзгеру салдарларын бәсеңдетуге бағытталған, қоршаған ортадан парниктік газдарды жоғары сіңіргіш әсері бар орнықты жасыл желектерді шығаруға; 

7) өндірістік және тұтыну қалдықтарын пайдалана отырып, құрамында уытты және канцерогендік заттары жоқ құрылыс материалдарын өндіруге бағытталады. 

"Жасыл" технологиялардың сервистік операторы – "жасыл" технологиялар мен жобалардың тізілімін жүргізу, "жасыл" технологияларды коммерцияландыру және технологиялық бизнес-инкубациялау, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін "жасыл" қаржыландыруды, оның ішінде инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу, "жасыл экономика" мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық, құқықтық, әдіснамалық, консультациялық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру, "Жасыл көпір" серіктестігі бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру бойынша кешенді қызметтер көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы. 

"Жасыл" технологиялардың жобаларын ендіру мен іске асыру үшін "жасыл" инвестициялар, оның ішінде ұлттық даму институттарының гранттары және (немесе) инвестициялары, жергілікті бюджеттердің қаражаты және басқа да ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздері есебінен тартылады. 

Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

3. "Жасыл" қаржыландыру деп "жасыл" жобаларды іске асыруға бағытталған және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған "жасыл" облигациялар, "жасыл" кредиттер және басқа да қаржы құралдары сияқты құралдардың көмегімен тартылатын инвестициялар түсініледі. 

"Жасыл" жобаларға бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, қазіргі бар табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын бәсеңдетуге және климаттың өзгеруіне бейімдеуге бағытталған жобалар жатады. 

"Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

"Жасыл" жобалардың іске асырылуын қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін тіркелген кірісі бар борыш құралы "жасыл" облигациялар деп танылады. 

"Жасыл" жобалардың іске асырылуын қаржыландыруға бағытталған нысаналы қарыздар "жасыл" кредиттер деп танылады. 

5-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАЛАЛ

Статья 1 ...128 129 130 131 132 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться