Ст. 130 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
130-бап. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру
1. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру: 1) кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 0 коэффициентін қолдану;
2) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясының жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының кепілдендірілген сатып алуы;
3) "жасыл" технологиялардың трансфері мен бейімделуін, сондай-ақ "жасыл" инвестицияларды тартуға жәрдемдесуді ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда және тәртіппен "жасыл" қаржыландыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
2. "Жасыл" технологиялар деп қазіргі заманғы ғылым жетістіктерінің негізінде жасалған, орнықты дамудың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілерін ескеретін, өндірістің экологиялық қауіпсіз технологиялары түсініледі, олар мынадай салаларды қамтиды және:
1) "өндіріс – қалдықтарды жинау – тасу – сұрыптау – қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату – жаңа өндіріс" тұйық циклі бойынша уытты емес өнімдер өндірісіне;
2) технологиялардағы және тұтыну құрылымындағы инновациялар есебінен қалдықтарды барынша қысқартуға;
3) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды баламалы жаңартылатын шикізат пен энергия көздеріне ауыстыруға;
4) егіншілікте, мал шаруашылығында және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде биотехнологияларды ендіруге, ауыл шаруашылығы үшін биологиялық препараттар өндіруге;
5) жаңартылатын энергия көздерінен (күн энергиясынан, жел энергиясынан, гидро-, геотермальдық энергиядан, биомассадан, сутегінен) энергия өндіруге, атмосфераға зиянды шығарындыларды төмендетуге, ғимараттар мен тұрмыстық аспаптардың отынды пайдалану тиімділігін, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыруға;
6) климаттың өзгеру салдарларын бәсеңдетуге бағытталған, қоршаған ортадан парниктік газдарды жоғары сіңіргіш әсері бар орнықты жасыл желектерді шығаруға;
7) қайталама ресурстарды пайдалана отырып, құрамында уытты және канцерогендік заттары жоқ құрылыс материалдарын өндіруге бағытталады.
"Жасыл" технологиялардың сервистік операторы – "жасыл" технологиялар мен жобалардың тізілімін жүргізу, "жасыл" технологияларды коммерцияландыру және технологиялық бизнес-инкубациялау, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін "жасыл" қаржыландыруды, оның ішінде инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу, "жасыл экономика" мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық, құқықтық, әдіснамалық, консультациялық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру, "Жасыл көпір" серіктестігі бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру бойынша кешенді қызметтер көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы.
"Жасыл" технологиялардың жобаларын ендіру мен іске асыру үшін "жасыл" инвестициялар, оның ішінде ұлттық даму институттарының гранттары және (немесе) инвестициялары, жергілікті бюджеттердің қаражаты және басқа да ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздері есебінен тартылады.
Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. "Жасыл" қаржыландыру деп "жасыл" жобаларды іске асыруға бағытталған және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған "жасыл" облигациялар, "жасыл" кредиттер және басқа да қаржы құралдары сияқты құралдардың көмегімен тартылатын инвестициялар түсініледі.
"Жасыл" жобаларға бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, қазіргі бар табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын бәсеңдетуге және климаттың өзгеруіне бейімдеуге бағытталған жобалар жатады.
"Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.
"Жасыл" жобалардың іске асырылуын қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін тіркелген кірісі бар борыш құралы "жасыл" облигациялар деп танылады.
"Жасыл" жобалардың іске асырылуын қаржыландыруға бағытталған нысаналы қарыздар "жасыл" кредиттер деп танылады.
Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАЛАЛ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 188-бап. Өндірістік экологиялық бақылау қызметі және өндірістік экологиялық бақылауға жауапты адамдарРекомендованные страницы
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 16-бап. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі ҚР Экологиялық кодексi 134-бап. Табиғат пайдаланушының iшкi тексерулердiұйымдастыруы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексеру ҚР Экологиялық кодексi 160-бап. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі ҚР Су Кодексi 45-бап. Су шаруашылығы баланстарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей