Ст. 155 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
155-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі
1. Деректерді жинақтау, сақтау, жүйелеу, интеграциялау және автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз ету, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін ақпаратқа қолжетімділік беруді автоматтандыру "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады. 2. "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құруды, оның жұмыс істеуін, жүргізілуі мен пайдаланылуын ұйымдастыруды, сондай-ақ осыған байланысты барлық жұмыс процесінің үйлестірілуін қамтамасыз етуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі:
1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторинг жүйелерінің, кіші жүйелері мен түрлерінің деректер банктері;
2) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары;
3) қалдықтардың мемлекеттік кадастры;
4) мемлекеттік климат кадастры;
5) мемлекеттік көміртек кадастры;
6) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;
7) Қазақстан Республикасының ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі;
8) экологиялық рұқсаттардың және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың мемлекеттік тізілімі;
9) қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі;
10) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі деректерін интеграциялау мен автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз етуге тиіс.
4. "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесінің шеңберіндегі бағдарламалық құралдардың жүйесі деректерді бірыңғай әдістемелік негізде жинақтауды, сақтау мен өңдеуді жүзеге асыруға, оның әртүрлі деңгейлері, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мемлекеттік кадастрлар, тізілімдер, тіркелімдер, мониторинг жүйелерінің, кіші жүйелері мен түрлерінің деректер банктері арасында деректерді автоматтандырылған және тиімді алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесінің шеңберінде өздері беретін деректердің анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Лучшие юристы




Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей