< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 174 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

ҚР Экологиялық кодексi
174-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың нысандары

1. Мемлекеттік экологиялық бақылау мынадай:

1) субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау;

2) субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау;

3) тексеру нысандарында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізу тәртібі осы Кодекстің және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларында белгіленген.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарынан және қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттама мен есептіліктен алынған деректерді сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерін қамтитын ғарыштық мониторингтеу деректерін талдау арқылы жүргізеді.

Бұл ретте белгілі бір аумақтағы, оның ішінде көпшілік тынығатын орындардағы халықтың тыныс-тіршілігі жағдайларын тікелей қозғайтын қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтар немесе бұзушылықтардың жасалу тәуекелдері туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды, жобалаудан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен, қоршаған ортаға ластағыш заттар эмиссияларының нормативтерінен елеулі түрде асырып жіберу туралы деректерді талдау нәтижелері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болуы мүмкін.

Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен деректерді талдау нәтижелері бойынша субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер осы Кодекстің 186-бабының 4-тармағына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен деректерді өңдеу, беру, сақтау және пайдалану тәртібін көздейтін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларда айқындалады.

4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудің мақсаттары Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру болып табылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылықты анықтаған жағдайда, бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық хат ресімделеді және бақылау субъектісіне жіберіледі.

6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ақпараттық хат мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол – ақпараттық хатта алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

2) пошта не курьерлік қызмет арқылы – алғаны тіркелген күннен бастап;

3) электрондық тәсілмен – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап бақылау субъектісіне табыс етілді деп есептеледі.

7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хатты алған бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.

8. Ақпараттық хатта көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісі ақпараттық хатқа осындай хатты алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарсылық ұсынуға құқылы.

9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау тиісті субъектіні (объектіні) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Ескерту. 174-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...172 173 174 175 176 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192




Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?



здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.



Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться