< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 190 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Экологиялық кодексi
190-бап. Қоғамдық экологиялық бақылау

1. Қоғамдық экологиялық бақылау экологиялық проблемаларға жұртшылықтың назарын аудару, қоршаған орта мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдаудың барлық сатыларында жұртшылықтың қатысуын және пікірін ескеруді қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының экология заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметіне жәрдемдесу мақсатында жүргізіледі. 

2. Қоғамдық экологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, жарғысында қоғамдық экологиялық бақылауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру көзделген, қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда аккредиттелген қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыра алады.  

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін осы Кодекске сәйкес қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу үшін аккредиттелген қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың тізбесін жасайды және ресми интернет-ресурста жариялайды. 

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тізбені қалыптастыру мақсатында осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жарғының көшірмесін қоса бере отырып, өзінің талаптарға сәйкестігі және қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыру ниеті туралы өтінішті жібереді. 

Коммерциялық емес ұйым осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде осы коммерциялық емес ұйымды осы Кодекске сәйкес қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу үшін аккредиттелген қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың тізбесіне енгізеді. 

5. Қоғамдық экологиялық бақылауды жүргізу тәртібі осы Кодексте айқындалады, сондай-ақ оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдар өздерінің жарғыларына сәйкес айқындайды. 

6. Қоғамдық экологиялық бақылауда:  

1) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілері немесе осындай бұзушылық тәуекелдері туралы хабар беруі; 

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан құрылатын қоғамдық кеңесте І санаттағы объектілер операторлары болып табылатын бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзу фактілері, сондай-ақ осы субъектілерге қатысты қабылданған шаралар мен оларды орындаудың жай-күйі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпаратын тыңдау; 

3) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелерін қоғамдық талқылау процесінде коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуы қамтылады. 

7. Мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы аккредиттелген қоғамдық ұйымдардың өкілдерін Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілерін анықтау жөніндегі жұмысқа ерікті негізде тартуға құқылы. 

8. Қоғамдық экологиялық бақылау осы Кодексте реттелмеген бөлігінде "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 190-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҒАРТУ

Статья 1 ...188 189 190 191 192 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться