Ст. 192 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
192-бап. Экологиялық білім берудің мақсаты, негізгі бағыттары, субъектілері мен объектілері
1. Экологиялық білім беру деп әркімнің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және жалпы қоғамдағы экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған, тұрақты даму қағидаттарына негізделген, тұлғаны оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың үздіксіз интеграцияланған процесі түсініледі. 2. Экологиялық білім беру нысаналы аудиторияға да, тұтас қоғамға да бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды.
3. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары, тұрғын үй мен басқа да жылжымайтын мүліктің меншік иелері, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер және оларды тұтынушылар экологиялық білім беру жүйесінің нысаналы аудиториясы болуы мүмкін.
4. Экологиялық ағарту – қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында экологиялық білімді, қоршаған орта мен экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпаратты, өзге экологиялық ақпаратты тарату.
5. Мемлекет халыққа экологиялық мәселелер жөнінде хабар беруді және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді талқылауға қатысуын қамтамасыз ететін мынадай шараларды қабылдайды:
1) жұртшылықтың атмосфералық ауаның жай-күйі, климаттың өзгеруі, су және жер ресурстарының жай-күйі, биоәртүрлілік, энергетикалық жағдай, қалдықтарды басқару туралы экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2) тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесі арқылы халыққа, оның ішінде тұрғын үй мен басқа да жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне қоршаған ортаның жай-күйіне су және энергетикалық ресурстарды тұтыну сапасының ықпалы туралы, қалдықтарды экологиялық тиімді басқару туралы хабар беру;
3) қайталама ресурстарды пайдалана отырып, ресурс үнемдейтін өндірісті, тауарлар өндіруді, жұмыстар орындауды және қызметтер көрсетуді қолдау жөніндегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы кәсіпкерлік субъектілеріне хабар беру;
4) тұтынылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірудің экологиялылық дәрежесі және энергиялық тиімді өндіріс арқылы және қайталама ресурстарды пайдалана отырып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың сатып алуын ынталандыру жөніндегі шаралар туралы оларға хабар беру;
5) осы Кодексте белгіленген жағдайларда қоғамдық экологиялық бақылауды жүргізуге қатысуды қамтамасыз ету.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей