Ст. 242 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
242-бап. Экожүйелік көрсетілетін қызметтер
1. Экожүйелік көрсетілетін қызметтер деп жеке және заңды тұлғалардың экожүйелерді, олардың функциялары мен пайдалы қасиеттерін пайдаланудан алатын пайдасы түсініледі, оның ішінде: 1) жабдықтайтын экожүйелік көрсетілетін қызметтер – экожүйелерден алынатын, азық-түлік, отын, талшық, тұщы су және генетикалық ресурстар секілді өнімдер;
2) реттейтін экожүйелік көрсетілетін қызметтер – экожүйелік процестерді реттеуден алынатын, ауа сапасын ұстап тұру, климатты реттеу, топырақ эрозиясын болғызбау, адам ауруларын реттеу және су тазарту секілді пайда;
3) мәдени экожүйелік көрсетілетін қызметтер – рухани байыту, танымдық дамыту, рефлексия, рекреация және эстетикалық тәжірибе арқылы экожүйелерден алынатын материалдық емес пайда;
4) қолдау көрсететін экожүйелік көрсетілетін қызметтер – бастапқы өнім өндіру, оттегін өндіру және топырақ түзу секілді барлық басқа да экожүйелік көрсетілетін қызметтерді өндіруге қажетті көрсетілетін қызметтер.
2. Экожүйелер мен экожүйелік көрсетілетін қызметтердің жай-күйін бағалау экожүйенің және оның құрамдастарының орнықтылығын айқындауға бағытталған, сондай-ақ экожүйелік көрсетілетін қызметтерді халықтың әл-ауқатымен байланыстыратын әдістемелер негізінде жүзеге асырылады.
3. Экожүйелік көрсетілетін қызметтерді бағалау рәсімі төрт кезеңді қамтиды:
1) экожүйелер ұсынатын, жеке және заңды тұлғалардың белгіленіп отырған қызметі әсер ететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін айқындау;
2) фондық жай-күйді айқындау – экожүйелердің және жеке және заңды тұлғалардың белгіленіп отырған қызметі әсер ететін экожүйелерге арналған экожүйелік көрсетілетін қызметтердің жай-күйін бағалау, экожүйелік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыларды және олар ұсынылған қызметтерден алуы мүмкін пайданы айқындау;
3) әсер етуді бағалау – экожүйелерге және оның құрамдастарына, экожүйелік көрсетілетін қызметтерге және оларды пайдаланушыларға ықтимал әсер етуді, осы әсер етулердің маңыздылығын және неғұрлым маңызды экожүйелік көрсетілетін қызметтерді айқындау;
4) жағымсыз және қалдық әсер етуді төмендету жөніндегі шараларды бағалау – әсер етуді болғызбау мүмкін болмайтын жағдайларда, неғұрлым маңызды экожүйелік көрсетілетін қызметтерге жағымсыз әсер етуді болжау және болғызбау үшін қабылдануы мүмкін шаралар тізбесін айқындау, оны барынша азайту бойынша шаралар қабылдау; қалдық әсер ету болған кезде барынша азайту жөніндегі шаралар қабылданғаннан кейін оның орнын толтыру жөніндегі шаралар қолданылады. Әсер етуді төмендету жөніндегі шаралар жағымсыз әсерді төмендетуге немесе елеусіз деңгейге дейін төмендетуге бағытталуға тиіс.
Лучшие юристы
жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім
Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?
Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама
Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день
Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей