< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 295 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Экологиялық кодексi
295-бап. Көміртегі квотасын өзгерту

1. Квоталау субъектісі Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылған кезеңде квоталанатын қондырғының қуаттылығы ұлғайтылған жағдайда негізгі көміртегі квотасы болмаған немесе оның көлемі жеткіліксіз болған кезде қосымша көміртегі квотасын алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш жасайды. 

Қуаттылықты ұлғайту деп өнімді алудың, өндірудің, қайта өңдеудің және (немесе) тасудың жылдық көлемін ұлғайту түсініледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Квоталау субъектісі қосымша көміртегі квотасын алу мақсатында есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 қазанынан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға көміртегі квотасын өзгертуге электрондық нысандағы өтінішті және көміртегі квотасын өзгертуді негіздейтін есеп-қисаптарды береді. 

Квоталау субъектісі Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылған соңғы жыл кезеңінде қосымша көміртегі квотасына өтініш жасаған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 маусымынан кешіктірмей береді. 

3. Қосымша көміртегі квотасы мына формула бойынша есептеледі:  

М = (Х – У) × Z, 

мұнда: 

М – сұралатын қосымша көміртегі квотасы; 

Х – алдыңғы есепті жылғы парниктік газдардың шығарылуын түгендеу туралы верификацияланған есепте көрсетілген өнімнің расталған көлемі; 

У – қолданыстағы Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары бойынша бір жылға қондырғы үшін көміртегі квотасын есептеу үшін пайдаланылған өнім көлемінің мәні; 

Z – бенчмарк. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қосымша көміртегі квотасын алу үшін квоталау субъектісі ұсынған құжаттарды алған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. 

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қосымша көміртегі квотасын беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда квоталау субъектісін, квоталанатын қондырғыны және қосымша көміртегі квотасының көлемін көрсете отырып, квоталау субъектісі мен көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторына тиісті хабарламаны үш жұмыс күні ішінде жібереді. 

6. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) олар осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды пысықтауға жібереді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Квоталау субъектісі пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде қарайды. 

7. Берілген қосымша көміртегі квотасы туралы ақпарат көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесі операторының ресми интернет-ресурсында жарияланады. 

8. Квоталанатын қондырғының қуаттылығын төмендету есебінен пайда болған көміртегі квотасының бірліктерін сатуға болмайды және олар парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының резервіне қайтарылуға тиіс. 

Қуаттылықты төмендету деп өнімді алудың, өндірудің, қайта өңдеудің және (немесе) тасудың жылдық көлемін төмендету түсініледі. 

9. Квоталанатын қондырғы жойылған (пайдаланудан шығарылған) жағдайда квоталау субъектісі тиісті қондырғыны пайдалану жүзеге асырылған соңғы есепті кезеңдегі парниктік газдардың шығарылуын түгендеу туралы есепті қоса бере отырып, жою туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган квоталау субъектісінен хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторын көміртегі квотасының пайдаланылмаған бірліктерін пайдаланудан шығарылған қондырғының шотынан Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары резервінің шотына ауыстыру туралы хабардар етеді. 

10. Қосымша көміртегі квотасын беруге арналған резервтің бөлінбеген көміртегі бірліктері тиісті Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының соңғы есепті жылы бойынша есептілікті ұсыну мерзімі аяқталған күннен кейін тоқсан жұмыс күні өткен соң өтеледі.
Статья 1 ...293 294 295 296 297 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться