< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 386 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Экологиялық кодексi
386-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мұндай өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды (бұдан әрі – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері) қамтамасыз етуге міндетті. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндірушілер мен импорттаушылар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін мынадай тәсілдердің бірімен орындайды: 

1) қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану; 

2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес өтінім беру және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде ақша енгізу. 

Кәдеге жарату төлемі (бұдан әрі – кәдеге жарату төлемі) деп өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндіруші (импорттаушы) жүзеге асыратын төлемақы түсініледі. 

Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт деп өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) және оның (олардың) қаптамаларының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы мен өндіруші (импорттаушы) арасында жасалатын шарт түсініледі. 

3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсіл автомобиль көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер мен импорттаушыларға қолданылмайды. 

4. Өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

5. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсілді пайдаланған жағдайда өндіруші немесе импорттаушы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес өтінім береді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына кәдеге жарату төлемін енгізеді. Көрсетілген кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

6. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері: 

1) өндірілген майлар, полимер, шыны, қағаз және (немесе) картон қаптамалар, аккумулятор батареялары бөлігінде, оларды өндіру үшін тиісінше Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және кәдеге жаратылған пайдаланылған майлардың, пластмасса, шыны, қағаз және картон қалдықтарының, пайдаланылған аккумулятор батареяларының кемінде отыз пайызы пайдаланылған жағдайда, өндірушілерге; 

2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оның шегінен тыс жерде өткізілген өнім (тауарлар) бөлігінде өндірушілерге және импорттаушыларға; 

3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оның шегінен тыс жерде өткізілген өнімді (тауарларды) қаптауға арналған және (немесе) олар қапталған полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар, аралас материалдардан жасалған қаптамалар бөлігінде өндірушілерге және импорттаушыларға; 

4) автомобиль көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын импорттаушыларды қоспағанда, жеке пайдалану тауарларын бажсыз әкелуге арналған квота шегінде өнімді (тауарларды) импорттау кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға; 

5) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қапталған полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар, аралас материалдардан жасалған қаптамалар бөлігінде импорттаушыларға; 

6) кәдеге жарату төлемі енгізілген преформалардан жасалған полимер қаптама бөлігінде өндірушілерге; 

7) жалпы шаруашылық мұқтаждары үшін өнім өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде өз қызметінде негізгі құралдар, материалдар, шикізат, қосалқы бөлшектер (жинақтаушылар) ретінде пайдаланылатын және өткізуге арналмаған әкелінген өнім (тауарлар) қапталған әкелінген полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар, аралас материалдардан жасалған қаптамалар бөлігінде импорттаушыларға; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік өтеусіз көмек ретінде әкелінген тауарлар қапталған әкелінген полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамалар бөлігінде импорттаушыларға; 

9) Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралын бастапқы тіркеуден өтпеген көлік құралдарын 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларға қолданылмайды. 

Бұл ретте мұндай көлік құралдарын әкелу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ олардың санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

7. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды көздейтін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

Ескерту. 386-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...384 385 386 387 388 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться