< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 404 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Экологиялық кодексi
404-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала

1. Төтенше экологиялық жағдай – антропогендік қызмет немесе әдеттегі табиғи процестер нәтижесінде адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына, табиғи экологиялық жүйелердің, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорларының жай-күйіне қатер төндіретін қоршаған ортаның тұрақты жағымсыз өзгерістері болатын аумақ учаскесінде немесе акваторияда туындаған экологиялық ахуал. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін халық денсаулығына төнген қатер деп қоршаған ортаның ластануына байланысты денсаулықтың қалпына келетін бұзылу жиілігінің ұлғаюы түсініледі. 

2. Экологиялық зілзала – антропогендік қызмет немесе әдеттегі табиғи процестер нәтижесінде халық денсаулығының елеулі нашарлауына, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуына және (немесе) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі жай-күйінің нашарлауына алып келген қоршаған ортаның терең орны толмас өзгерістері болған аумақ учаскесінде туындаған экологиялық ахуал. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін халық денсаулығының елеулі нашарлауы деп орны толмас және денсаулықтың өмірмен сыйыспайтын бұзылуы санының артуы, өлім себептері құрылымының өзгеруі және қоршаған ортаның ластануынан туындаған өзіндік ерекшелігі бар аурулардың пайда болуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына байланысты денсаулықтың қалпына келетін бұзылу жиілігінің елеулі ұлғаюы түсініледі. 

3. Аумақты (акваторияны) төтенше экологиялық жағдай аймағына немесе экологиялық зілзала аймағына жатқызу қалыптасқан экологиялық ахуал себептерін айқындау және экологиялық қолайсыздық дәрежесін тұрақтандыру мен төмендету, антропогендік қызметтің қоршаған ортаға әсер ету деңгейін төмендету, қоршаған ортаны қалпына келтіру және халықтың өміріне және (немесе) денсаулығына жағымсыз салдарды барынша азайту бойынша жедел шараларды жүргізу жөніндегі негізделген, кезек күттірмейтін шараларды әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.
Статья 1 ...402 403 404 405 406 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться