Ст. 402 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
402-бап. Жойылуы қиын органикалық ластағыштар мен құрамында хлор бар қалдықтарды өндіру, әкелу, әкету, пайдалану және жою жөніндегі қызметке қойылатын экологиялық талаптар
1. Жойылуы қиын органикалық ластағыштар – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген, ыдырауға төзімді, биожинақталумен сипатталатын және ауа, су арқылы трансшекаралық тасымалдау объектісі және көшпелі түрлер болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала отырып, өздерінің шығарылу көзінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйелерінің бұзылуын және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, әртүрлі аурулар тудыратын неғұрлым қауіпті органикалық қосылыстар. 2. Жойылуы қиын органикалық ластағыштар экологиялық қауіпсіз тәсілмен жойылуға жатады.
3. Бөлінетін газдарды кешенді тазартпай жойылуы қиын органикалық ластағыштар мен құрамында хлор бар қалдықтарды жоюға арналған технологияларды пайдалануға тыйым салынады. Бөлінетін газдарды кешенді тазарту тазартылған бөлінетін газдарда диоксиндер мен фурандардың бір текше метрде 0,1 нанограмнан аспайтын концентрацияда болуын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Азық-түлікті немесе жемшөпті өндіруге және қайта өңдеуге байланысты жерлерде жойылуы қиын органикалық ластағыштарды пайдалануға тыйым салынады.
5. Құрамында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар пестицидтерді өндіруге және пайдалануға тыйым салынады. Осы заттарды оларды жою мақсаттарында ғана экспорттауға және импорттауға рұқсат етіледі.
6. Жойылуы қиын органикалық ластағыштармен жұмыс істеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жойылуы қиын органикалық ластағыштармен және оларды қамтитын қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларында реттеледі.
7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластағыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей