< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

Ст. 800 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
800-бап. Қос қойма куәлiгiн ұстаушының тауарға құқықтары

1. Қос қойма куәлiгiн ұстаушының қоймада сақтаулы тауарға толық көлемде билiк етуге құқығы бар.  

2. Кепiл куәлiгiнен бөлiп алынған қойма куәлiгiн ұстаушы тауарға билiк етуге құқылы, бiрақ оны кепiл куәлiгi бойынша берiлген кредиттi өтегенге дейiн қоймадан ала алмайды. Қойма куәлiгiн ұстаушы тапсыру жазбаларын (индоссамент) жасау және құжаттың өзiн беру жолымен, бiрақ тауардың орнын ауыстырмай, қоймаға қойылған тауарға меншiк құқығын басқаға беруді жүзеге асыра алады.  

3. Кепiл куәлiгi бөлiп алынбаған қойма куәлiгiн индоссамент бойынша алған сатып алушы кепiлден бос қойма тауарының иесiне айналады. Кепiл куәлiгiнсiз қойма куәлiгін алу кезiнде тауарға меншiк құқығы кепiл құқығымен жүктемеленген болып ұйғарылады. Кепiл талаптары туралы (тауарға кепiлдiк құқығын белгiлеудiң сомасы мен мерзiмi туралы) мәлiметтердi, мүдделi тұлғалар айқын көре алатын қойма тiзiлiмiнен алуға болады.  

4. Кепiл куәлiгiн ұстаушының осы куәлiк бойынша берiлген қарыздың және сол бойынша сыйақының мөлшерiнде тауарға кепiл құқығы болады. Тауарға кепiл құқығын белгілеу кезiнде бұл туралы қойма куәлiгiне белгi жасалады.  

5. Сатып алушы немесе сатушы кепiлмен қамтамасыз ететiн тиiстi соманы кепiл ұстаушыға (кредиторға) немесе тауар қоймасына енгiзе отырып, тауарды кепiлден босата алады, оны тауар қоймасы кепiл куәлiгiн заңды ұстаушыға беруге мiндеттi.  

6. Кепiл куәлiгiн ұстаушы оның кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарын мерзiмiнде қанағаттандырмаған жағдайда заң заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен оған кепiл куәлiгi бойынша берiлген тауарды сатуға және кепiл берушiнiң басқа да кредит берушiлерi алдындағы өз талаптарын артықшылықпен жабуға құқылы. Сатудан түскен сома жетпеген жағдайда кепiл куәлiгiн ұстаушы оның алынбаған бөлiгiн кепiл куәлiгiмен қамтамасыз етілген талаптарға ақы төлеу жөнінде бірге жауапты болатын барлық индоссанттардан өндiрiп алуы мүмкiн.  

Ескерту. 800-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. № 225 Заңымен.

Статья 406 ...798 799 800 801 802 ...1124
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192




Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?



здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.



Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться