< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

Ст. 823 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
823-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру

1. Сақтандыру объектiсi бірлескен қызмет (ортақ сақтандыру) туралы шарт негізінде жай серіктестік (сақтандыру пулын) құру арқылы бiрнеше сақтандырушымен бірлесіп бір ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандырылуы мүмкін.  

Қайта сақтандыру объектісі бірлескен қызмет (бірлескен қайта сақтандыру) туралы шарт негізінде жай серіктестік (қайта сақтандыру пулын) құру арқылы бiрнеше қайта сақтандырушымен бірлесіп бір бірлескен қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандырылуы мүмкін. 

Бұл ретте ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында әрбір сақтандырушының (қайта сақтандырушының) келісілген үлестердегі құқықтары мен міндеттерін айқындайтын талаптар қамтылуға тиіс.  

Егер ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында өзгеше айқындалмаса, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар сақтанушының (пайда алушының) немесе қайта сақтанушының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының міндеттемелері бойынша, оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін ортақтасып жауап береді. 

2. Сақтандырушылар (қайта сақтандырушылар) арасында тиісті келісім болған кезде олардың бірі сақтанушымен (қайта сақтанушымен) өзара қарым-қатынастарда барлық сақтандырушылардың (қайта сақтандырушылардың) атынан өкілдік ете алады.  

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қатысушыларының ортақ істеріне басшылық етуді және оларды жүргізуді сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылармен тиісті келісім болған кезде сақтандыру брокері жүзеге асыруы мүмкін. 

Ескерту. 823-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 406 ...821 822 823 824 825 ...1124
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?



Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін



көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться