Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 824 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.09.2023

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
824-бап. Қайта сақтандыру

1. Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз мiндеттемелерiнiң барлығын немесе бiр бөлiгiн орындау тәуекелін жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру арқылы қамтамасыз етуге құқылы. 

Қайта сақтанушының сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ретінде жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәуекеліне байланысты мүліктік мүдделері қайта сақтандыру объектілері болуы мүмкін.  

Қайта сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделері қайта сақтандыруға жатпайды.  

Қайта сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделері объектісі болатын не қайта сақтандыру объектісі болмайтын қайта сақтандыру шарттары маңызсыз болып табылады. 

2. Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында толық көлемде жауапты болып қалады.  

3. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартында айқындалады. 

Қайта сақтандыру шарты осы Кодексте сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Исламдық қайта сақтандыру шарты осы Кодексте исламдық сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Бұл ретте, негiзгi сақтандыру шарты (исламдық сақтандыру шарты) бойынша сақтандырушы қайта сақтандыру шартында (исламдық қайта сақтандыру шартында) сақтанушы болып есептеледі. 

4. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру шарттарын біртіндеп жасауға жол берiледi.  

Ескерту. 824-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.07.2003 жылғы N 483 (01.01.2004 бастап күшіне енеді), 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 406 ...822 823 824 825 825‑1 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Нотариус является плательщиком НДС, обязан ли выписывать ЭСФ?


Добрый день, какой срок исковой давности при проверке антимонопольного коммитета? Нам пришло постановление на ИП с 2018 г., она на упрощенке и бухучет не велся, многие документы потеряны. как быть?


Здравствуйте. В статье 135. «Вахтовый метод работы» ТК РК сказано, что вахтой считается период, включающий время выполнения работ на объекте и время междусменного отдыха.

В пункте 1 статьи 208 написано, что работник при донации крови в рабочие дни освобождается от работы с сохранением средней заработной платы, а в 3-ем пункте этой же статьи говориться, что , если по соглашению с работодателем работник, являющийся донором, в дни донации крови и (или) ее компонентов приступил к работе, ему предоставляется по его желанию другой день отдыха с сохранением за ним средней заработной платы либо этот день может быть присоединен к ежегодному трудовому отпуску.

Значит ли это что вслучае донации в период междусменного отдыха работник в праве получить второй оплачиваемый день отпуска, помимо дня оговоренного в пункте 2 статьи 208.


сігу керек


Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?  


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться