Ст. 830 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
830-бап. Сақтандыру құпиясы
1. Сақтандыру құпиясына сақтандыру сомасының, сатып алу сомасының мөлшерлерi туралы және төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де талаптары туралы мәлiметтер жатады. Таратылу процесiндегi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы мәлiметтер сақтандыру құпиясына жатпайды.
1-1. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілерде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етудің өзге де талаптары мен тәртібі көзделуі мүмкін.
2. Сақтандыру нарығына кәсiби қатысушылар, сақтандыру агентi, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі өзінің кәсiби қызметi нәтижесiнде алған сақтандыру құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сақтандыру нарығының басқа кәсiби қатысушысына не сақтандыру агентiне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе ортақ сақтандыру жөніндегі қатынастарға байланысты ақпаратты беру жағдайларын, сондай-ақ осы баптың 4, 4-1, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға құқылы емес.
3. Өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты сақтандыру құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған лауазымды адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру агенттерінің қызметкерлері, сақтандыру агенттері және өзге де адамдар оларды жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.
Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның сақтандыру құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді растаушы құжаттар мен материалдар ретінде ұсынуы сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.
4. Сақтандыру құпиясын үшiншi адамға сақтанушының (сақтандырылған адамның, пайда алушының) жазбаша келiсiмi негiзiнде ашуға болады.
4-1. Сақтандыру құпиясы сақтандыру омбудсманына өзінің қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштері бойынша ашылуы мүмкін.
5. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер:
1) сақтанушының (пайда алушының) өкiлiне - нотариатта куәландырылған сенiмхат негiзiнде;
2) анықтау және алдын ала тергеу органына - оның өндiрiсiндегi қылмыстық iстер бойынша;
3) сотқа - сот ұйғарымы немесе қаулысы негiзiнде оның өндiрiсiндегi iстер бойынша;
3-1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға – бірінші басшы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнен үзінді-көшірме қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша;
4) прокурорға - оның құзыретi шегiнде өзiнiң қарауындағы материалдар бойынша тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
4-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен;
4-2) алып тасталды – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4-3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
тексерілетін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттарына;
пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген, пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес;
4-4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты – "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, ал өзге сақтандыру шарттарына қатысты – прокурордың санкциясымен;
4-5) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу мақсаттарында прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне;
4-6) "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-2-бабында көзделген мақсаттарда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне - сақтандыру қызметiн қадағалауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
5-1) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингіне – сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін есептеу, сондай-ақ сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мақсаттары үшін;
5-2) сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мақсаттарда;
6) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заң актілеріне сәйкес өзге де тұлғаларға беріледі.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді аудиторлық ұйымға "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 13-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес ұсынуы мүмкін.
6. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер сақтанушы, сақтандырылған адам, пайда алушы қайтыс болған соң:
1) мұрагерлерге;
2) соттарға және нотариустарға - соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге - олардың өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
7. Сақтандыру қызметiн жүзеге асырудың жалпы шарттары, ұсынылатын сақтандыру қызметтерiнiң тiзбесi, сақтандыру тарифтерi, сақтандыру мерзiмдерi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының өзге де негiзгi талаптары ашық ақпарат болып табылады және сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияның нысанасы бола алмайды.
8. Сақтандырушы сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi жария еткен жағдайда сақтанушы (сақтандырылған адам, пайда алушы) келтiрiлген шығынды өтеудi, ал тиiстi жағдайларда - моральдық нұқсанның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Ескерту. 830-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.12.18 № 128, өзгерістер енгізілді - 2003.0710 № 483 (01.01.2004 бастап күшіне енеді), 2004.02.27 № 527 (01.01.2004 бастап күшіне енеді), 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей